Respublica партиясы Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын ұсынды

410

Respublica партиясы кезектен тыс Мәжіліс сайлауына қатысатын үміткерлердің құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.  

Respublica партиясы Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын ұсынды Фото: gov.kz

"Бүгін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарды ұсындық. Депутаттыққа кандидаттардың жалпы саны 25 адам. Атап айтқанда, ерлер – 17, әйелдер – 8. Депутаттыққа үміткерлердің орташа жасы – 38. Ең кішісі 25 жаста, ал ең үлкені 51-де", - деді Respublica партиясының сайлауалды штабының басшысы Олжас Қайроллаұлы.

ОСК құжаттарды қабылдау комиссиясының басшысы Әлия Ғалымованың сөзінше, партия ұсынған құжаттар бойынша ескертулер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу