"Respublica" және "Байтақ" партиялары өңірлерде филиалдар құрды

471

Жақында тіркелген Respublica және Байтақ партиялары өңірлерде филиалдар құрды.

 "Respublica" және "Байтақ" партиялары өңірлерде филиалдар құрды Фото: el.kz

Осылайша, бұл саяси ұйымдар Мәжіліс қана емес, Мәслихат сайлауына да қатыса алады. 

6 күн бұрын "Байтақ"-тың ел бойынша тек 3 филиалы болса, "Respublica"-да бір де бір филиал болмаған, сондықтан соңғысы мәслихат сайлауына жіберілмеген еді. Ал бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2 партияны кей өңірде мәслихат депутаттарын сайлауға жіберу туралы қаулы қабылданды.

"Қазақстанның "Байтақ" "жасылдар" партиясы 2023 жылғы 21 қаңтардағы қаулымен тек үш облыста сайлауға жіберілген еді. Қазіргі уақытта олар басқа облыстарда, сондай-ақ Алматы, Шымкент және Астанада партиялардың филиалдарын құрды. Respublika партиясы қазіргі уақытта филиалдары құрылған өңірлерде ғана мәслихат депутаттарын сайлауға жіберіледі", деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов. 

Нәтижесінде, Respublica партиясы Атырау облысынан басқа барлық өңірлерде мәслихат сайлауына жіберілді. Ал "Байтақ" партиясы Абай, Ақмола, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Атырау облыстарындағы сайлауға қатыспайды. Қалған өңірлерде саяси додаға түсе алады. Қаперге сала кетейін, Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19-ші наурызда өтеді. Оған 7 партия қатыспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу