Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, еліміз бойынша астық алқабының 76,7 пайызы орылып, 14,7 млн тонна астық бастырылды. Атап айтқанда, Ақмола облысында 3,5 млн, Солтүстік Қазақстан облысында 3,3 және Қостанай облысында 3,8 млн тонна астық қамбаға құйылған.
Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғановтың айтуынша, қазіргі уақытта 11,6 млн гектар алқаптың астығы толық жиналған. Егін жинау науқаны былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда, 2,4 млн гектарға немесе 16 пайызға артық.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу