2026 жылғы 16 қазанда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 2 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген екі өрт ошағы мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында анықталды.
Жедел әрі үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде өрттер кең аумаққа таралмай, қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді.
Азаматтарды өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу