Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте тұман түседі

169

Күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады. 

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте тұман түседі Фото: inbusiness.kz

"Қазгидромет" РМК-сы тамыздың 20-сы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады, елдің солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік- батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстаноблысының орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу