Бүгін атлантикалық циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашын алып келеді.
Еліміздің батысына, оңтүстігіне қар және жаңбыр жауады, қалған аумақтарында қар жауады.
Тек еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте бұрқасын, батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу