Республика күні: Алматы аудандарында мерекенің құрметіне қандай іс-шаралар өтеді

449

Алматыда Республика күнін тойлауға арналған іс-шаралар 20 қазан күні "ALMATY PUPPET FESTIVAL" I Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты ашылуымен басталды. 

Республика күні: Алматы аудандарында мерекенің құрметіне қандай іс-шаралар өтеді Фото: Inbusiness.kz

Фестиваль 24 қазанға дейін жалғасады, мемлекеттік қуыршақ театрының сахнасында жас көрермендерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сонымен қатар, алыс-жақын шетелдерден – Өзбекстан, Польша, Болгария, Грузия, Түркиядан келген театр ұжымы өнер көрсетеді.

- 24 қазанда Республика күніне орай сағат 10:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында скандинавиялық серуендеу қалалық фестивалі өтеді, оған белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарынан зейнеткер командалары қатысады. Фестиваль бағдарламасы бойынша скандинавиялық серуендеу бойынша көрсетілімдер, концерттік бағдарлама, шығармашылық көрме, сонымен бірге, фестиваль қатысушыларын дипломдармен марапаттау рәсімі өтеді.

Бұған қоса, 24-25 қазан күндері Жібек жолы даңғылында, Панфилов пен Бәйсейітова көшелерінің арасында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан шеберлері қолдан жасаған бұйымдарын ұсынады.

Республика күні, 25 қазанда сағат 10:30-да "Медеу" БТСК-да мемлекеттік туды көтеру және Қазақстан Әнұранын жаппай орындау салтанатты рәсімі өтеді. Іс-шараға қала жастары, қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысады. Сонымен қатар, мемлекеттік туды көтеру және Қазақстан Әнұранын жаппай орындау қаланың барлық ауданында өтеді.

Спорттық іс-шараларға келсек, 25 қазан күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін спорттық-жаттығу кешенінде шағын футбол, волейбол және дзюдодан, сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үстел теннисі және қазақ күресінен спорттық фестиваль өтеді. Сонымен бірге, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қазақ күресінен "Өнер барысы" турнирі өтеді.

Республика күнін тойлау мен салтанатты іс-шаралар Алматының барлық ауданында өтеді:

  • Медеу ауданында 23 қазан сағат 14:30-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.
  • Алатау ауданында 23 қазанда Республика күніне орай "Алатау" ДӨТ-да сағат 15:00-де "Елім менің" мерекелік концерті өтеді.
  • Алмалы ауданында 23 қазан күні сағат 16:00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ғимаратында Республика күніне орай грамоталармен марапаттау рәсімі өтеді.
  • Наурызбай ауданында эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан" мерекелік концерті 24 қазанда сағат 10:00-де Шұғыла шағын ауданындағы 347/4 мекенжайы бойынша Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында болады.
  • Жетісу ауданында 25 қазан күні сағат 11:00-де "Гүлдер" саябағында, Серіков көшесі, 2а үйінде "Жаса Тәуелсіз Қазақстан" атты мерекелік концерт өтеді.
  • Әуезов ауданында 25 қазан күні сағат 12:00-де Family park демалыс саябағында "Республика күніне арнау" атты концерттік ұйымдастырылады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу