Республика күні қарсаңында қазақстандықтар мемлекеттік наградаларға ие болды

445

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Республика күні қарсаңында қазақстандықтар мемлекеттік наградаларға ие болды Фото: Inbusiness.kz

Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" Жарлығы:

1. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз мемлекет және қоғам қайраткері Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлына тапсырылсын;

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені Семей қаласы, "№7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицей" КММ мұғалімі Шүкежанова Алма Сайдахметқызына тапсырылсын;

3. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені Қызылорда облысы, "Таң ЛТД" ЖШС директоры Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлына тапсырылсын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу