Республика күніне орай Әлихан Смайылов мемлекеттік наградалар табыстады

728

Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті атынан мемлекеттік органдар мен компаниялардың қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады, деп жазады inbusiness.kz Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.  

Республика күніне орай Әлихан Смайылов мемлекеттік наградалар табыстады

"Парасат" орденімен ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов пен ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев марапатталды.

"Құрмет" орденімен әділет министрі Қанат Мусин, мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев, ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы Салтанат Сабырбаева және т.б. марапатталды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы Қажмұхан Бекмұқашев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова, ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов, ҚР ЕХӘҚМ көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов, ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов, ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Гүлбара Сұлтанова және т.б. марапатталды.

"Шапағат" медалі ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасовқа табыс етілді.

ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Жақсылық Ибрагимов пен Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері: бас инспектор Бақытжан Қуанышбаев, бас консультант Мадина Қалымова және бас сарапшы Гүлден Бейсенбина, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Премьер-Министр кәсіби біліктілігі мен мол тәжірибесін ел игілігіне арнап келе жатқан марапат иелерінің күнделікті еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

"Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы. Бұл – халқымыз үшін азаттық пен тұрақтылықтың, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықтың мерекесі. Республика күні мерекесі қарсаңында Президенттің атынан Сіздерге мемлекеттік наградаларды тапсыру міндеті маған жүктелді. Бүгінгі марапатты Мемлекет басшысының Сіздердің ел алдындағы еңбектеріңізге деген жоғары сенімі деп қабылдаңыздар", деді Әлихан Смайылов.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу