Республика күніне орай Қарулы күштерде Мемлекеттік Ту көтерілді

99

Көк байрағымызды көкке көтеру – ел тәуелсіздігін ұлықтап, ұлттық бірлікті дәріптейтін маңызды рәсім.

Республика күніне орай Қарулы күштерде Мемлекеттік Ту көтерілді Фото: Ақорда

Республика күніне орай еліміздің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде, Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектерінде, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында Мемлекеттік Туды көтеруге арналған салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік Ту – егемендігіміздің айқын белгісі, халқымыздың ортақ мақтанышы мен ұлттық рухының нышаны.

Мерекеге орай қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген әскери қызметшілер қолбасшылық атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Әскери қызметшілер "Менің Қазақстаным" челленджіне белсене қатысып, "Қыран елім – Қазақстаным" патриоттық акциясына да өз үлестерін қосты.

Әскери бөлімдерде өткен мерекелік іс-шаралар Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, ел бірлігін нығайтуға және тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Бұл – туған жерге адал қызмет етуді өмірлік ұстанымына айналдырған әскери қызметшілердің елдік мұраттарға деген беріктігінің көрінісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу