Республика күніне орай Қазақстанда 10 жаңа білім беру нысаны ашылды

240

Республика күні қарсаңында Қазақстанның бірнеше өңірінде 10 жаңа білім беру нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Республика күніне орай Қазақстанда 10 жаңа білім беру нысаны ашылды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Олардың қатарында мектептер, балабақшалар, оқушылар сарайлары және инновациялық оқу орталығы бар.

Астанада 1 500 орынға арналған екі оқушылар сарайы ашылды. Алматыда жалпы 880 балаға арналған үш балабақша жұмысын бастады.

Шығыс Қазақстан облысының Қыстау-Күршім ауылында 50 оқушыға арналған мектеп есігін айқара ашты.

Жетісу облысында Талдықорған қаласындағы 300 орындық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернатының жаңа ғимараты және Көксай ауылындағы 60 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Ал Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық №5 мектептің жаңа ғимараты ашылды.

Ақтөбе қаласында 300 орындық Aqtobe IT Hub инновациялық оқу орталығы іске қосылды. Мұнда балалар жасанды интеллект, робототехника, 3D-модельдеу, бағдарламалау және цифрлық медиа бағыттарын меңгере алады.

Айта кетейік, 2019 жылдан бері Қазақстанда 1,1 млн оқушы орнына арналған 1 342 мектеп салынған. Білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешу жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу