Республика күніне орай полиция 20 мың тәртіп сақшысын жұмылдырады

509

Полиция қызметкерлері, ҰҚК сарбаздары мен Ұлттық гвардия әскері бірлесе отырып, әкімдікпен бекітілген мерекелеуге арналған орындарды күзетеді.

Республика күніне орай полиция 20 мың тәртіп сақшысын жұмылдырады Фото: видео скриншот

ІІМ Республика күні қауіпсіздік пен тәртіптің сақталуы үшін барлық дайындық жұмыстарын жүргізді: жеке құрам қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Біздің еліміз үшін маңызды күннің қарсаңында ІІМ Республика күні қауіпсіздік пен тәртіптің сақталуы үшін барлық алдын-ала шараларды қолға алғанын хабарлаймын. Осы жылдың 24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылады. Әкімдіктермен мәдени шаралардың өтетін орындары бекітілді, соған қарай тәртіп сақшыларының саны мен бөлінетін қаражат көлемі есептелді", — деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев брифинг барысында. 

Әкімшілік полиция өкілі жалпы полиция мереке қарсаңында барлық дайындық жұмыстарын жүргізгендерін хабарлады. 

"Осы күндері қоғамдық тәртіп күзетшілер (полиция қызметкерлері, ҰҚК сарбаздары, Ұлттық гвардия әскері) санын 20 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Оған қоса басқа да көпшілік жиналған орындар мен демалыс алаңдарына тәртіп сақшылары жіберіледі, бейнебақылау камералары арқылы визуалды бақылау жүргізіледі. Мониторинг жүргізу үшін Министрлікте жедел штаб құрылады, соған ұқсас штабтар барлық қалаларда ашылады. Жалпы айтқанда министрлік қауіпсіздік пен тәртіптің сақталуы үшін барлық жағдайды жасайды", — деп түсіндірді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу