Республика күніне орай Семейде жастар автошеру өткізді

490

Автошеруге тек ақ түсті 40 автокөлік мінген 80 ерікті қатысты.      

Республика күніне орай Семейде жастар автошеру өткізді Фото: semeynews.kz

Мерекелік автошерудің басты атрибуты Қазақстанның көк туы болды, – деп хабарлайды inbusiness.kz Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Авто тізбек ABAI халықаралық әуежайынан Селевин-Бозтаев көшелері – аспалы көпір арқылы, одан әрі Гагарин мен Шугаев көшелері бойымен бағыт алды. Маршруттың соңғы нүктесі "Арена" спорттық кешені болды.

"Бүгін Абай облысында Республика күніне орай автошеру өтті. Біздің басты мақсатымыз – азаматтардағы патриоттық сезімдерді ояту мен оларға мерекілік көңіл-күй сыйлау", – дейді автошеруге қатысушылардың бірі Темірлан Бақтияров.

 

"Бүгін барлық қазақстандықтар үшін үлкен мереке. Патриотизм мен бірлік сезімін оятатын осындай іс-шаралар көп болғанын қалаймын", – деп толықтырды автошерудің тағы бір қатысушысы Нұрбол Сүлейменов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу