Республика мектептерінің үлгілік қағидаларына толықтырулар енгізілмек

530

Тиісті құжат жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды. 

Республика мектептерінің үлгілік қағидаларына толықтырулар енгізілмек Фото: inbusiness.kz

Оқу-ағарту министрлігі мектептердің үлгілік қағидаларына толықтырулар дайындады, деп жазады inbusiness.kz.

Түсіндірме жазбада көрсетілгендей, орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары балалардың өмірі мен денсаулығы үшін педагогтер мен ата-аналардың жауапкершілігін жүктеу туралы тармақтармен толықтырылды.

Оған сәйкес, білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады.

Ұсынылатын редакцияда білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктелетіні туралы көрсетілген.

"Білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзған кезде оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейді. Білім беру ұйымы ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді қажет болған жағдайда оларды білім беру ұйымына шақыра отырып, болған жағдай туралы хабардар етеді және тиісті шаралар қабылдайды", - делінген құжат жобасында.

Бұдан бөлек мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен мұғалімдер сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайтыны туралы айтылған.

Құжатты жария талқылау 28 наурызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу