Бұл қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау мақсатында өткізіледі, деп жазады inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сайтына сілтеме жасап.
Оқу-жаттығуды басқару штабы Қостанай қаласында орналасқан.
"Қыс-2022" РКШО барысында ел өңірлерінде электр сиреналарын іске қоса отырып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі. Бұл іс-шара халыққа "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізіледі. Осыған байланысты тыныштықты сақтап, дүрбелеңге түспеуіңізді сұраймыз", - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, 25 қараша күні республика бойынша ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілмек.