Оның ішінде қызылша зертханалық расталған 75 жағдай бар: 14 жасқа дейінгі балалар – 68, ересектер – 7, деп жазады inbusiness.kz ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 69 пайызында (52 жағдайда) екпе алмаған балалар ауырып қалған. Оның ішінде вакцинациядан бас тарту (35), медициналық қарсы көрсетілімдер (11), егу жасына жетпеу (6) себептері бар. Тағы 10 жағдайда егу мәртебесі белгісіз адамдар ауруға шалдыққан.
"11 жағдайда инфекция мына елдерден келгендерде тіркелді: Түркия – 5, Мысыр – 3, Тәжікстан – 2, Қырғызстан – 1. Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде барлығы 31 414 профилактикалық егуден бас тарту жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2022 жылы 7 145 жағдай. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің арқасында 2 043 адам екпе алды", - делінген хабарламада.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, екпеден бас тартудың ең көп саны 1 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі – 21 052 жағдай (67%).
"1-2 жас тобындағы балалар арасында – 5 034 бас тарту (16%), 3-5 жас – 2 993 (9,5%), 6-15 жас – 1 963 (6,2%), 16 жастан асқан – 372 (1,2%) тіркелді. Бүгінгі таңда қызылшамен сырқаттану деңгейі бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бағытында жұмыстар жалғасуда", - деп атап өтті комитет.