Республикада орташа жалақы мөлшері 365 мың теңгеден асты

1535

Бұл былтырғыға қарағанда 53,5 мың теңгеге артық. 

Республикада орташа жалақы мөлшері 365 мың теңгеден асты Фото: 365info.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, екінші тоқсанда елдегі орташа жалақы мөлшері 365 502 теңге болды, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, іс жүзінде қазақстандықтар байып кеткен жоқ. Себебі нақты мәнде көрсеткіш тек 1,2%-ға өсті.

“Қазіргі өсу қарқыны 2015 жылдың басынан есептегенде баяу жүріп жатыр. Медианалық жалақы мөлшері –  240 779 теңге. Қазақстандықтардың жартысының жалақысы осы деңгейден төмен болса, екіншілерінікі жоғары. Соңғы 12 айда көрсеткіштің өсуі байқалады – 17,1%. 2023 жылғы сәуір-маусымда қазақстандықтардың орташа жалақысы тоқсан сайынғы бағам бойынша қайта есептегенде 814 долларды құрады”, - деп жазады DataHub.

Ақпаратқа сәйкес, ең жоғары орташа жалақыны Атырау (573,4 мың теңге) және Маңғыстау (531,2 мың теңге) облыстарының тұрғындары алады.

Ең төмен көрсеткіш солтүстік пен оңтүстікте тіркелді. Мұнда ең негізгі аутсайдер – Солтүстік Қазақстан облысы (273,8 мың теңге). Жетісу облысы да СҚО деңгейіне жақын орналасқан (274,2 мың теңге).

Статистикалық есептеулер Атырау облысының тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынына қарағанда 2,1 есе көп табыс табатынын көрсетеді.

Орташа жалақы бойынша Ұлытау облысы үшінші орында тұр (474,4 мың теңге). Ең төменгі өсу қарқыны Түркістан облысында тіркелді (12,2%).

Үздік үш өңірден басқа тағы екі аймақтағы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден асып түсті: Астана (467,1 мың теңге), Алматы (420,4 мың теңге). Бас қалада орташа жалақы оңтүстіктегі мегаполиске қарағанда 11,1%-ға жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу