Республикада су басуға бейім 900 көлік учаскесі бар

476

Әр көктемде көптеген елдімекен іс жүзінде қатынассыз қалады. 

Республикада су басуға бейім 900 көлік учаскесі бар Фото: www.uralskweek.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Су тасқыны кезеңінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы тасып кетуге және шайылуға ерекше назар аударғым келеді. Әр көктемде көптеген елдімекен іс жүзінде қатынассыз қалады. Бұл қоғамдық резонанс тудырады. Мысалы, жыл сайын жол төсемінен судың тасып кетуіне байланысты Ақмола облысындағы (Ягодное), Қостанай облысындағы (Екідін), Ақтөбе облысындағы (Оймауыт, Жарық, Өтек және Құлтоғай) кенттермен және ауылдарымен қатынас қиындайды", - деді министр.

ТЖМ басшысының дерегінше, республика бойынша су басуға бейім 900 автомобиль учаскесі мен 600-ден астам теміржол учаскесі бар.

"Оның негізгі себебіне автомобильдер мен теміржолдар астындағы су өткізгіш құрылыстардың қабілетінің төмендігі немесе мүлдем болмауы жатады. Салдарынан тіпті жаңа жолдар да шайылып кетеді", - деп атап өтті Шыңғыс Әрінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу