Республикада жиһаз бағасы бір жылда 19%-ға өсті

388

Ел жиһаз импортына тәуелді.  

Республикада жиһаз бағасы бір жылда  19%-ға өсті Фото: Диа МЕБЕЛЬ

Биылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысына сәйкес, Қазақстандағы жиһаз өндірісі 51,7 млрд теңге болды. Бұл былтырғыға қарағанда құндық мәнде 25,2%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz www.energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Республика бойынша жиһаз шығарылымының ең көп көлемі Алматыға тиесілі: 13,7 млрд теңге, бір жылда +14%. Үздік үштік қатарында Қарағанды (4,9 млрд тг, +57,9%) және Алматы (4,7 млрд тг, +58%) облыстары бар.

Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар металл орындықтар мен отыруға арналған өзге де жиһаздарға деген сұранысты (ішкі нарықта сатуды және экспортты) 32,6%-ға, ағаш орындықтарға – небәрі 13,3%-ға, отыруға арналған басқа жиһаздарға 2,1%-ға қамтамасыз еткен.

Отандық өндірушілер кеңселерге арналған ағаш жиһазына деген сұранысты 77,3%-ға қамтамасыз етті; сауда кәсіпорындары үшін жиһаз сегментінде көрсеткіш – 67,5%, ас үй жиһазы – 63%, матрацтар – 56,9%. Асханалар мен қонақ бөлмелерге арналған ағаш жиһаз үшін сұраныс тек 13,3%-ға ғана қамтылды.

  • Ресурстың жазуынша, елдің жиһаз саласында өзін-өзі толық қамтуы туралы айту әлі ерте.
  • Тамыз айының қорытындысы бойынша жиһаз және тұрмыстық заттар бір жылда 19,2%-ға қымбаттады.
  • Бағаның қымбаттауын Шығыс Қазақстан (33,1%), Ақмола (31,1%), Қарағанды (29,6%), Алматы (26,6%) және Қостанай (25,9%) облыстарының тұрғындары қатты сезінген.
  • Бағаның ең төмен жылдық өсімі Маңғыстау облысында – 4,3%.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу