Республикадағы 1290 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді

204

Қазақстанда жалпы саны 7 859 мектеп бар. 

Республикадағы 1290 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді Фото: inbusiness.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында мектеп инфрақұрылымының қазіргі жағдайына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда республика бойынша 7 859 мектеп жұмыс істейді. Оның 6 387-сі жақсы жағдайда, дегенмен, аймақтарда күрделі жөндеу жүргізуді қажет етететін әлі де 1290 мектеп бар. Әсіресе Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында ең үлкен қажеттілік байқалады", - деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, тиісті мәселе 2027 жылға дейін шешіледі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін биыл 360 мың бала алғаш мектеп табалдырығын аттайтынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу