Жезқазған қаласында ағаш егу науқаны басталды. Бүгін "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акция аясында еріктілер "Наурыз" саябағында 100 тал екті. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен көшет егу науқанына облыстық "Жастар ресурстық орталығының" жастары қатысты.
Мақсат жергілікті тұрғындарды қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке ынталандыру.
Филиал жетекшісі Дарын Төлеубай экологиялық шара қаланың тыныс- тіршілігі үшін аса маңызды екенін айтып, тұрғындарды акцияға атсалысуға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу