Республикалық автожолдағы 6 учаскені су шайып кету қаупі бар

468

Ақтөбе облысында бұдан басқа 36 елді мекенге де қауіп төніп тұр.  

Республикалық автожолдағы 6 учаскені су шайып кету қаупі бар Фото: Әзиз Жанұзақ

Қазір тасқынға тосқын қою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы өкілдерінің айтуынша, ақпан айының басынан бері арнайы белгіленген орындарға инертті материалдар жеткізілуде.

"Су тасқынының алдын алу мақсатында 800 тонна қиыршық тас, 2000 тонна құм мен 25 000 қап дайындалды. Қауіпті аймақтарда, оның ішінде 6 учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады. Жолдардың су өткізу жүйелері толып, тасқынға төтеп бере алмайтындай жағдай болса, ол аумақтарды инертті материалдармен бөгейміз", - деді  "ҚазАвтоЖолСервис"  ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының инженері Абылай Қыдыров.

Қазір көпірлер мен су өткелдерінің айналасын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Оған күн сайын 400 жұмысшы мен 117 техника шығады. Инертті материалдар 16 жол-пайдалану пункттеріне жеткізіледі. Бұл жерлерде арнайы мамандар үзіліссіз қызмет көрсетеді.

Болжам бойынша, өңірде қар наурыз айында ери бастайды. Синоптиктер ауа температурасы 2 градусқа көтеріледі деп болжап отыр. Қаңтар-ақпан айларында облыс аумағында жауын-шашын әдеттегіден екі есе көп түскен. Яғни, мамандардың өзі тасқын қаупі жоғары екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу