Республикалық байқауға жолдама алды

828

Республикалық байқауға жолдама алды

Қостанайда "Қазақстанның үздік тауары" байқауының өңірлік кезеңі мәресіне жетті. Отандық өнімдерге көпшілік назарын аударуды көздеген шара биыл да жәрмеңке түрінде ұйымдастырылды. Сарапшылардың сынынан өткен 24 кәсіпорын өз бұйымдарын көпшілік назарына ұсынуға мүмкіндік алды. Олардың ішінде азық-түліктен бастап киім-кешек, түрлі тұрмыстық заттар, жабдықтар да бар. Қазылар алқасы үш аталым бойынша үздіктерді анықтап, жеңімпаздар көпшілік алдында салтанатты түрде марапатталды.

Алғашқы үштікке еніп, бәсекеде басым шыққан 9 кәсіпорын енді республикалық байқауда бақ сынамақ.

"Кәсіпорынның сертификатталған менеджмент жүйесі, сапа, экспорт көлемі, өнімдердің отандық үлесі, тұрғындардың пікірі, бақылаушылар тарапынан ескертудің болмауы, міне, осындай 10-15 талап бойынша бағаланды. Басты мақсат – кәсіпорындарды сапалы өнім шығаруға ынталандыру", - деді сарапшы Роберт Юсупов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу