Республикалық бюджет есебінен 115 мектеп салынып жатыр

1262

Оның ішінде 57-сі биыл пайдалануға беріледі. 

Республикалық бюджет есебінен 115 мектеп салынып жатыр

Елімізде 6678 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 129 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, 194 мектепте жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазір республикалық бюджет есебінен 115 мектеп салынып жатыр, оның ішінде 57-сі биыл пайдалануға беріледі, жергілікті бюджет есебінен 79 мектеп салынуда. 

"Жекеменшік мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша жұмыстар басталды. Жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізгенге дейін 121 жекеменшік мектеп болса, қазір олардың саны 146-ға жетті. 2019 жылдың қаңтар айынан республикалық бюджетте еліміздегі барлық жұмыс істеп тұрған жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырыс орналастыру қарастырылған",– деді білім және ғылым министрі.

Мемлекеттік тапсырыс 22 310 оқушы орындық 80 жекеменшік мектепке орналастырылды. 

1 тамыздағы жағдай бойынша 8 636 орындық 25 жекеменшік мектеп ашылды, жыл соңына дейін 5845 орындық тағы 23 мектеп ашылады. 25 637 баланы мектепке жеткізу үшін 918 бірлік автокөлік пайдаланылады. 2019 жылы 49 жаңа автобус сатып алынды. 

Елімізде контингенті 488,7  мың адам болатын 821 колледж бар. Оқу жылының басына қарай жатақханаларда 1085 орын пайдалануға беріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу