Республикалық бюджет шығыстары 532 млрд теңгеге оңтайландырылды

1088

Түсім – 11,8, шығыс – 14,3, тапшылық – 2,4 трлн теңге көлемінде қалыптасты. 

Республикалық бюджет шығыстары 532 млрд теңгеге оңтайландырылды

"Еңбекпен қамту" жол картасы мен Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында өңірлерге қомақты қаржы бөлінеді. Өңірлерге қаражатты тиісінше игеру қажет. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. 

"Бюджет кірістері бойынша шығындарды өтеуге және жоғарыда аталған шараларды іске асыру үшін республикалық бюджет шығыстары 532 млрд теңгеге оңтайландырылды. Бюджет тапшылығы 841 млрд теңгеге ұлғайтылды. Нәтижесінде республикалық бюджет параметрлерінің түсімі – 11,8 трлн, шығыстары – 14,3 трлн, тапшылық – 2,4 трлн теңге көлемінде  қалыптасты", – деді үкімет басшысының бірінші орынбасары. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу