Республикалық бюджет тапшы: Ұлттық қор тағы талан-таражға түспек

246

ҚР Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәжіліс кулуарында мемлекеттік есепшілер республикалық бюджет тапшылығын қалай жабуды жоспарлап отырғанын айтты. 

Республикалық бюджет тапшы: Ұлттық қор тағы талан-таражға түспек Фото: Inbusiness.kz

Алдымен ол шоғырландырылған мемлекеттік бюджет жергілікті және республикалық болып бөлінетінін нақтылады. Жергілікті бюджеттердің кірістері, сондай-ақ олардың орындалу көрсеткіштері тұрақты жоғары болса, республикалықтың жағдайы нашар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бізде жергілікті бюджеттер тұрақты түрде атқарылуда, ал биылғы жылы республикалық кірістер, өкінішке орай, төмендеді. Біз қазір динамиканы көріп отырмыз...бір жерде 80%. Сегіз ай ішінде басқа жерде 84% орындадық", - деді Байбазаров.

Оған себеп ретінде Ұлттық экономика министрі импорттың төмендегенін атап өтті. Одан бөлек әлемдік пайдалы қазбалар бағасына, экспорттық түсімдерге байланысты факторлар да әсер еткен.

"Сондай-ақ биыл біз бір триллионға жуық ҚҚС қайтардық. Өткен жылы 590 млрд теңгеден астам қарыз қайтарылды", - деп толықтырды министр.

Қазір ведомство мамандары жаңа Салық кодексін әзірлеуде. Сапалы салықтық әкімшілік бюджет тапшылығын жабуы керек.

Осылайша, билік 900 млрд-қа жуық қосымша табыс тартуды жоспарлап отыр.

Дегенмен Нұрлан Байбазаров таяу жылдары қазақстандық бюджет кез келген жағдайда Ұлттық қордан трансферттерсіз болмайтынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу