Республикалық бюджетке 2,7 трлн теңге кіріс кірді

722

Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы есеп берді. 

Республикалық бюджетке 2,7 трлн теңге кіріс кірді Фото: inbusiness.kz

Министр осыған дейінгі 5 айдың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мемлекеттік бюджетке 4 трлн 355 млрд теңге қаражат түсті. Жоспар 110,4% орындалды. Республикалық бюджетке 2,7 трлн теңге кіріс кірді. Жоспар 101,6 атқарылды", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Министрдің мәлімдеуінше, кірістер бойынша жоспар 42 млрд, оның ішінде салық бойынша 2 млрд, салықтық емес түсім бойынша 39 млрд теңгеге асыра орындалды.

"Бұл негізінен импортқа салынатын қосылған құн салығы, мұнайға экспорттық кеден бажы және корпоративтік табыс салығы есебінен қамтамасыз етілді", – деді қаржы министрі. 

Оның сөзінше, шикі мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша асыра орындау экспорттық кеден бажы мөлшерлемесінің ұлғаюына байланысты болды.
"Әлемде экономикалық белсенділіктің біртіндеп қалпына келуі негізгі экспорттық тауар бағасының орта есеппен 33,3%-ға өсуіне әсер етті. 

Аанстық төлем қаражаты 20%-ға немесе 101 млрд теңгеге ұлғайды. 
Нәтижесінде корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар асыра орындалды", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу