Республикалық бюджеттен 54 млрд теңге игерілмеген

367

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты. 

Республикалық бюджеттен 54 млрд теңге игерілмеген Фото: Inbusiness.kz

Министр келтірген мәліметтерге сәйкес, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,3%-ға, республикалық бюджет шығыстары – 99,6%-ға, жергілікті бюджет шығыстары 99,5%-ға орындалған, деп жазады inbusiness.kz. 

"Республикалық бюджет бойынша сомасы 16 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 70 млрд теңгені құраса, оның ішінде үнемдеу – 16 млрд теңге. Игерілмегені – 54 млрд теңге", - деп атап өтті ол.

Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары экология және табиғи ресурстар, туризм және спорт, ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты.

"Игерілмеудің негізгі себептеріне конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу; шот-фактуралар мен атқарылған жұмыс актілерін уақытылы ұсынбау және т.б. жатады", - деп толықтырды ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу