Республикалық бюджеттен 64,7 млрд теңге бөлінеді

536

Екібастұз қаласын дамытуға алдағы 3 жылда 932,8 млрд теңге жұмсалады.  Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Республикалық бюджеттен 64,7 млрд теңге бөлінеді

Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары инвестициялық жобаларды іске асыру, тұрғын үй инфарқұрылымы мен әлеуметтік саланы дамыту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экологиялық мәселелерді жақсарту сынды 114 шарадан тұратынын тілге тиек еткен министр жоспарды жүзеге асыруға 932,8 млрд теңге қарастырылғанын жариялады. 

"Республикалық бюджеттен 64,7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 33,5 млрд теңге, жеке инвестициядан 834,6 млрд теңге бөлінеді", – деді министр. 

Әсет Ерғалиевтің сөзінше, қаржының басым бөлігі экономикалық салаға  бағытталады. 

"822,3 млрд теңге өнеркәсіпті, агроөнеркәсіптік кешенді, энергетика саласын, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалады", – деді министр 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу