Республикалық бюджеттің 24 млрд теңгесі игерілмеді

835

Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Республикалық бюджеттің 24 млрд теңгесі игерілмеді

Мемлекеттік бюджеттің атқарылу барысын баяндаған министр 8 айда шығысқа бағытталған 9,9 трлн теңгенің 7 млрд теңгесі үнемделгенін жариялады. 

"Республикалық бюджет бойынша 9,9 трлн теңгеге шығыс жүргізілді. Атқарылмау деңгейі 31 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 7 млрд теңге үнемдеу, 24 млрд теңге игермеу болып тіркелді", – деді министр. 

Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, денсаулық сақтау, ішкі істер, мәдениет және спорт, әділет, төтенше жағдайлар министрліктері қаржыны қажетінше жаратпаған. Бұған төлем негізділігін растайтын құжат ұсынбау, орындалған жұмыс актілерін, шот- фактураларды дер кезінде ұсынбау сияқты жайттар себеп болған. 

"Жергілікті бюджет шығысы 5,2 трлн теңгені құрады. Бұл жерде 64 млрд теңге игерілмеген. Биыл өңірлерге 2,5 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт көзделген. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, оларға 1 трлн 358 млрд теңге бөлінді. Оның 98%-ы игерілді. Игерілмеген 26,5 млрд теңгенің 3 млрд теңгесі үнемделді. Ең көп игерілмеген қаржы Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарында қалыптасты", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу