Республикалық бюджеттің келесі жылғы түсімі анықталды

902

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 2,5%-на дейін төмендейтінін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Республикалық бюджеттің келесі жылғы түсімі анықталды

"Бюджет жобасын қарау барысында оның бағыттары мен мазмұны жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, 2022 жылға арналған республикалық бюджет түсімі 13 трлн теңге көлемінде анықталды. Бұл ретте мұнайға қатысты емес түсімнің үлесі осы жылғы 56,4%-дан 2024 жылға қарай 71,4%-ға дейін өседі деп болжанып отыр", – деді Ерұлан Жамаубаев сенаттың жалпы отырысында. 

Министрдің мәлімдеуінше, бюджет тапшылығы 2022 жылғы жалпы ішкі өнімнің 3,3%-нан 2024 жылы кезең-кезеңмен 2,5%-ға дейін төмендейді. Ал бюджет шығысы 15,9 трлн теңгені құрайды.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу