Республикалық бюджеттің кірісі 125 млрд теңгеге кеміді

969

Тауар өткізу айналымы 1,2 трлн теңгеге төмендеді.  

Республикалық бюджеттің кірісі 125 млрд теңгеге кеміді

Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады. 

Ол мемлекеттік бюджетке 3 трлн 420 млрд теңге табыс түсіп, жоспар 102,9% орындалғанын айтты. 
Министрдің мәлімдеуінше, республикалық бюджетке 2 трлн 111 млрд теңге кіріс кірген. Жоспар болжанғаннан 125 млрд теңгеге кем болған. 

"Жоспардың орындалмауына төтенше жағдай кезеңінде бизнесті қолдау бойынша қабылданған шаралар әсер етті", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Қаржы министрі салық түсімдерінің азайып кеткеніне де тоқталды.

"Электронды шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі деректері бойынша, кәсіпкерлік белсенділіктің қатты төмендеуі – көтерме және бөлшек саудаға тиесілі. Тауар өткізу айналымы 2019 жылғы мамырмен салыстырғанда 54%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге төмендеген. Негізгі экспорттық позициялар бойынша баға 2019 жылдың 5 айымен салыстырғанда орта есеппен 16,4%-ға  және жыл басынан бері 13,2%-ға азайды. Бұл тау-кен өндіру саласынан түскен салық түсімдеріне әсер етті. Төмендеу – 361 млрд теңгені, құлдырау қарқыны 43,6% құрады", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу