Республикалық бюджеттің кірісі көбейеді

771

Республикалық бюджеттің кірісі көбейеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев үкімет отырысында айтты. 

Республикалық бюджеттің кірісі көбейеді Фото: inbusiness.kz

Министрдің мәлімдеуінше, 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің 
нақтыланған параметрі трансферттерді есепке алмағанда 7 204 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл бекітілген жоспардан 279 млрд теңгеге жоғары. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі өзгерген жоқ. Ол 2 700 млрд теңге мөлшерінде сақталды", – деді Әсет Ерғалиев.

Оның нақтылауынша, ұлттық қордан алынатын нысаналы трансферт 1 трлн теңгеден 1 850 млрд теңгеге дейін өсті.  

"Республикалық бюджет шығысы 15 334 млрд теңге көлемінде болжанып отыр. Жалпы ішкі өнімге қатысты бюджет тапшылығы 3,5% деңгейінде болжанып отыр", – деді ұлттық экономика министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу