Республикалық бюджеттің кірісіне 4 млрд теңге түсті - қаржы министрі

649

Әлихан Смайылов биылғы тоғыз айда мемлекеттік бюджет кірістерінің (трансферттерсіз) өсімі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе артқанын жеткізді. 

Республикалық бюджеттің кірісіне 4 млрд теңге түсті - қаржы министрі

Қаржы министрі Әлихан Смайылов биылғы тоғыз айда мемлекеттік бюджет кірістерінің (трансферттерсіз) өсімі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе артқанын жеткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Шығыстар былтырғы жылмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа артық болған.

"Республикалық бюджеттің кірісіне 4066 млрд теңге түсті. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 131 млрд теңгеге немесе 103,3%-ға артық. Өсу қарқыны өткен жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 119,5% немесе 662 млрд теңгені көрсетті. Оның ішінде шикізаттық емес кірістер 501,4 млрд теңгеге артты", — деді Смайылов.

Республикалық бюджеттің шығыстары 7,092 трлн теңгені немесе 99,2%-ды құрады. 1 қыркүйекпен салыстырғанда игеру көлемі жақсарды. Жергілікті бюджеттер шығыстары 3,496 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны — 32 млрд теңге. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есеге кем. Есепті кезеңде өңірлерге сомасы 523 млрд теңге мақсатты трансферттер аударылды. Жергілікті деңгейде олар 96,6%-ға немесе 506 млрд теңге игерілді. Атқарылмағаны 16,3 млрд теңге, оның ішінде 1,5 млрд теңге — бюджет қаражатын үнемдеу. Игерілмегені — 14,8 млрд теңге. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі игерілмеу сомасына қарағанда 2,7 есеге аз.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2018 жылға арналған республикалық бюджетте 476,3 млрд теңге көзделген. 294,9 млрд теңге немесе есепті кезең жоспарының 99,6% игерілді. Жылдық жоспар бойынша игеру 61,9%-ті құрады. "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлерге бөлінген қаражаттың игерілуі республика бойынша қарағанда біршама төмен. Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 85,9 млрд теңге аударылды. 84,9 млрд теңге игерілді. 831,8 млн теңге игерілген жоқ.

Әлихан Смайылов қаржы министрлігінің жыл соңына дейінгі міндеттері туралы баяндай отырып, бірінші кезекте, Мемлекет басшысы Жолдауының іс-шараларын белгіленген мерзімде орындау қажеттігін атап өтті. Екіншіден, 2018 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылау және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп оны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау қажет. Үшіншіден, кірістер және шығыстар бойынша қаржы жылын сапалы аяқтау міндеттелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу