Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын толық игермеген министрліктерді атады. Олардың қатарында өзі басшылық ететін ведомстводан бастап, Ішкі істер министрлігі, Орталық сайлау комиссиясы, Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі бар.
"Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 97,8%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,9%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары – 97,2%-ға атқарылды. Республикалық бюджеттің шығыстары 12 трлн 503 млрд теңгені құрады және 137 млрд теңге атқарылмаған. Оның ішінде 15 млрд теңге үнемделген, ал 122 млрд теңге игерілмеген. Қаражатты игермеудің негізгі себебі конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерінің ұзаққа созылуы, төлем құжаттарын ұзақ мақұлдау, атқарылған жұмыстардың актілерін ұсынбау, нақты көрсетілген қызмет, атқарылған жұмыстарға ақы төлеу және сот талқылаулары. Қаржы жылының соңына дейін республикалық бюджет бойынша 1 трлн теңгеден астам сомаға төлемдер жүргізілуі тиіс", – деді министр.
Қорыта келе Ерұлан Жамаубаевтың жыл соңында республикалық бюджет шығыстарының атқарылуы 99,8% шегінде күтілуде деп мәлімдеді.
Құралай Құдайберген