"Ұлттық банк жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 2022 жылы – 4-6 %, 2023-2024 жылдары – 4-5% аралығында, 2025-2026 жылдары – 3-4% шегінде сақталатынын жариялады. Осы макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, республикалық бюджеттің кірісі трансфертті есепке алмағанда, болжам бойынша 2022 жылы – 9,2 трлн, 2023 жылы – 9,7 трлн, 2024 жылы – 10,4 трлн теңгені құрайды", – деді Әсет Ерғалиев.
Министр кепілдендірілген трансферт 2022 жылы – 2,4, 2023 жылы – 2,2, 2024 жылы – 2 трлн теңге мөлшерінде айқындалғанын еске салып, бұдан бөлек Ұлттық қордан 2022 жылы – 550 млрд теңге мөлшерінде ақша алу көзделіп отырғанын айтты.
"2023-2024 жылдары жыл сайын 400 млрд теңгеден нысаналы трансферт тарту ұсынылады. 2022 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,3% деңгейінде болады. Ал 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 2,5%-ға дейін төмендейді деп болжанып отыр. 2022 жылы мұнай емес тапшылық ішкі өнімге қатысты 8,1%-ды құрап, 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 6,3%-ға дейін қысқарады", – деді министр.
Әсет Ерғалиевтің сөзінше, республикалық бюджеттің шығысы 2022 жылы – 15,9, 2023 жылы – 15,6, 2024 жылы – 16 трлн теңге көлемінде болжанды.
Қанат Махамбет