Республикалық деңгейдегі 34 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды

1004

Агенттік "Жұмыспен қамту-2020 Жол картасын" іске асыруды жіті қадағалауда. Қазіргі таңда 5 өңірде қылмыстар анықталды.

Республикалық деңгейдегі 34 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды

9 айда жемқорлық үшін республикалық деңгейдегі – 34, облыстық – 72, қалалық және аудандық деңгейдегі 89 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Антикордың жедел-тергеу жұмысы бойынша есептік кезеңде 2140 қылмыс тіркелген. Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 15%-ға артқан. Жүйелі жемқорлықтың – 102, бизнес істеріне  заңсыз араласудың 154 фактісінің жолы кесілген.

"Өтелген залал сомасы өткен жылдардың жылдық көрсеткіштерінен біршама асып, 39,5 млрд теңгені құрады",– деп жазылған агенттік есебінде

Дағдарысқа қарсы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылауға ерекше назар аударылуда.

Агенттік қазір экономиканы қалпына келтіруге ондаған миллиард бюджет қаражаты игерілетін "Жұмыспен қамту-2020 Жол картасын" іске асыруды жіті қадағалауда. Қазіргі таңда 5 өңірде (Алматы қаласы, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстары) қылмыстар анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу