Республикалық қан орталығы мәлімдеме жасады

1796

Республикалық қан орталығы донорлық қан жеткілікті мөлшерде жиналғанын мәлімдеді.  

Республикалық қан орталығы мәлімдеме жасады

"Құрметті оттандастар! "Бэк Эйр" компаниясының №Z2100 рейс ұшағының апатқа ұшырауына байланысты хабарлаймыз: Алматы мен Алматы облысында барлық жапа шеккендерге донорлық қан жеткілікті. Қан тапсыру керектігі туралы хабарламаларды жібермеуді сұраймыз. Қан орталықтарына көптеген адамдар келді. Барлықтарына алғыс білдіреміз",– деді Республикалық қан орталығында.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда апатқа ұшыраған әуе кемесінің бортында 98 адам болған.  Кейін әлеуметтік желілерде жапа шеккендерге қан жетіспеушілігі бар деген ақпарат тарап, қала халқы медициналық орталыққа көмекке барған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу