Республикалық комиссия шешімімен 560 "Болашақ" стипендиясы тағайындалды

745

Республикалық комиссия шешімімен 560 "Болашақ" стипендиясы тағайындалды

ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова мемлекет басшысының білімнің рухани жаңғыру кезінде зияткерлік қоғам қалыптастырудағы маңызды рөлін белгілегенін атап өтті, деп хабарлайды bolashak.gov.kz.

Мемлекеттік хатшы "Болашақ" стипендиясы конкурсының іріктеу кезеңінде ел дамуының басымдылықтарына негізделе отырып, жобалар мен ғылыми зерттеулердің мазмұнын ескеру керек екенін тілге тиек етті. Іске асырылатын жобалардың, әсіресе, тағылымдамалар бағдарламаларының іргелі және қолданбалы мәніне ерекше назар аудару керек.

Комиссия шешімі бойынша магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 270 үміткерге, сондай-ақ "Тағылымдамалар" санаты бойынша 39 стипендиатқа тағайындалды. Олардың ішінде 22 адам "АХҚО қызметкерлері" санаты және 17 адам "Ғылыми қызметкерлер" санаты бойынша. 2017 жылы 600 стипендия бөлінді.

Жалпы 2017 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурстық іріктеуге 947 үміткер қатысты.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның үш отырысы қорытындысында 560 стипендия тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу