Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Синоптиктердің ақпаратына сәйкес еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Осыған орай көлік жүргізушілерін ауа-райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруға шақырамыз.
Қалыптасқан ауа-райы жағдайын ескере отырып қашықтықты сақтап, жылдамдық режимін асырмау маңызды. Сырғанауды болдырмау үшін кенеттен маневр жасамаңыз. Жол белгілерін ескеріңіз", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Республикалық маңызы бар күре жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды. Күре жолдардағы ахуалды 1403 байланыс орталығы арқылы білуге болады.
"Қазіргі уақытта республикалық күре жолдар ашық. Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды", – деп хабарлады компанияда.