Алдағы үш жылда Шығыс Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта құру жөніндегі ауқымды жоба іске асырылады.
ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жерде Алматы-Өскемен (Алматы өңірінің шекарасынан облыс орталығына дейін) және Омбы-Майқапшағай (Қалбатау ауылынан ҚХР шекарасына дейін) екі бағыты туралы сөз қозғалып отыр. Жұмыстар Қытай халық республикасының ЭКсИмБанкі қаражаты есебінен жүргізіледі.
Алматы бағыты бойынша 500 км-ге жуық жолды ретке келтіру жоспарланған. Қайта құру жұмыстары жүргізілетін екінші бағыттағы учаске 454 км құрайды.
"Біз Алматымен, Астанамен қосыламыз, Батыс Қытай, Батыс Қазақстан, Батыс Еуропа бағытын дамытуды жалғастырып жатырмыз. Осылайша, біз ҚР президентінің халықаралық көлік дәлізін құру жөніндегі тапсырмасын орындаймыз", – деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Жоба Оңтүстік-Шығыс Азия мен еуропалық елдерді байланыстыруға, сондай-ақ көлік трассасына іргелес аумақтарды дамытуға және көлік логистикасының көптеген операцияларын оңтайландыруға мүмкіндік береді.