Республикалық маңызы бар 12 жол қозғалысына шектеу қойылды

199

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған.

Республикалық маңызы бар 12 жол қозғалысына шектеу қойылды Фото: Жол активтері сапасының ұлттық орталығы

ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар жолдардағы су тасқыны туралы ағымдағы деректерді жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"18 сәуір сағат 09:00–дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың күрт еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7120 метр болатын су тасқыны орын алды.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 720 км) қозғалысқа шектеу қойылды", — деп жазды ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу