Республикалық маңызы бар 7 мың жол жөнделеді - Роман Скляр

812

Аймақтар ішінде және өңірлер арасындағы көлік байланысын қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Республикалық маңызы бар 7 мың жол жөнделеді - Роман Скляр Фото: inbusiness.kz

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Сенатта өткен парламенттік тыңдауда биыл 7 мың  

республикалық маңызы бар жолды және 3 мың шақырым жергілікті желілерді қайта құру жоспарланғанын айтты.

“Соңғы 3 жылда 8 мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар жолдар салынып жөнделді және 9,5 мың шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жолдар жөнделді. Нәтижесінде стандартты жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желіде 91 пайызға, жергілікті желіде 85 пайызға артты.

2023 жылы 7 мың  республикалық маңызы бар жолды және 3 мың шақырым жергілікті желілерді қайта құру және жөндеумен қамту жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының 2029 жылға дейінгі сайлауалды тұғырнамасы аясында стандартты жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 100% және жергілікті желідегі автомобиль жолдарының үлесін 95% пайызға жеткізу міндеті қойылды”, - деді Роман Скляр.

Ол бірқатар ауқымды теміржол жобалары да жүзеге асырылатынын атап өтті. Роман Склярдың сөзінше, жалпы заманауи көлік инфрақұрылымын құру еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, аймақтардың байланысын жақсартады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу