Республикалық маңызы бар 7 тасжолда шектеу алынды

405

Республикалық маңыздағы 7 тасжолда қозғалысқа енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz  "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.  

Республикалық маңызы бар 7 тасжолда шектеу алынды Фото: Google

Ақмола облысында "Астана-Петропавл" тасжолының Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралығында және Астана-Щучье бағытында қозғалысқа енгізілген шектеу алынды.

Сонымен қатар,"Екатеринбург-Алматы" тасжолының Атбасар-Астраханка бағыты ашылды.

Көкшетау қаласынан Зеренді ауылына дейінгі тасжол да ашық.

СҚО бойынша "Астана-Петропавл" тасжолының Ақмола облысы шекарасы-Келлеровка ауылы бағыты ашық тұр.

Сонымен бірге "Жезқазған-Петропавл" тасжолында көлік қозғалысы жанданды.

Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" тасжолының Ақтөбе қаласынан М-32 және А-26 бағыты ашық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу