Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының бірнеше учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

467

Бұл туралы КазАвтоЖол автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлайды. 

Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының бірнеше учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді Фото: inbusiness.kz

2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты КазАвтоЖол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соның ішінде:

Жетісу облысында – 1 учаске

1."Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма станциясынан - Достық станциясына дейін - 100 км.

Қарағанды облысында – 2 учаске

1."Екатеринбург-Алматы" 1505-1610 км, Новостройка а.-Ақсу-Аюлы к. дейін– 105 км.

2."Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы" 0-16 км, Пришахтинск а.. - Новостройка а. – 16 км.

Сондай-ақ, шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.

Айта кету керек, ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 392 бірлік техника мен 599 адам жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу