Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қауіпті учаскелері анықталды

1036

Қазіргі уақытта республикалық автожолдарда еріген қар суының бөгетсіз ағып кетуі үшін су өткізу құбырларын ашу жұмыстары жүргізілуде. 

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қауіпті учаскелері анықталды

Көктем туып, қар ери бастаған шақта республикалық маңызы бар автожолдарды су басқу қаупі туады. "Қазақавтожол" ЖШС автомобиль жолдарының қауіпті учаскелерін анықтады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Республикалық маңызы бар автожолдардың барлық желісінде ұзақтығы 361 км болатын 436 су тасқыны қаупі бар орын айқындалды. Көктемнің барлық кезеңінде ол учаскелер тәулік бойы бақыланады.

Қауіпті болдырмау мақсатында мердігер ұйымдар 23 мың куб метр инертті материалдар, 2 мың куб метр тас, 183 тонна жанар-жағармай материалдарын әзірледі. Су тасқынының ықтимал салдарын жоюға 689 техника дайын тұр.

Қазіргі уақытта республикалық автожолдарда еріген қар суының бөгетсіз ағып кетуі үшін су өткізу құбырларын ашу жұмыстары жүргізілуде. 2 996 құбыр аршылды, ол жоспардағының 40,5%-ті (7 373 дана).

Жалпы, тасқын суға қарсы іс-қимыл жұмыстары тұрақты бақылауда.

Республикалық автожолдарда төтенше жағдай орын алған жағдайда жол жүрушілер +7 7172 444 777 қалалық телефон нөмірі арқылы немесе WhatsApp желісіне қосылған +7 771 7444 777 диспетчерлік ұялы телефонына хабарласа алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу