Республикалық маңызы бар автожолдарда су тасқыны қаупі бар 500-ге жуық учаске анықталды

269

Биыл былтырмен салыстырғанда жауын-шашын әдеттегі нормадан 2 есеге көп түсті.    

Республикалық маңызы бар автожолдарда су тасқыны қаупі бар 500-ге жуық учаске анықталды Фото: inform.kz

Республикалық маңызы бар автожолдарда су тасқыны қаупі бар 469 учаске анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазавтожол" ҰК" АҚ-ның мәліметінше, көктемгі кезеңге дайындық қызу жүргізіліп жатыр. 535 су өткізгіш құбыр, 22,2 мың шаршы метр құм және 7,9 мың қап дайындалды.

"Компанияның жол қызмектерлері тәулік бойы жолдарды патрульдеп, ауа райы туралы, оның ішінде көктем жақындап, еліміздің бірқатар өңірінде күн күрт жылынғандықтан, жауын-шашынның мөлшері туралы мәліметті жіті назарда ұстайды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу