Бұл туралы "Атамекен" ҰКП аналитикалық қызметі хабарлады.
Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының 2023 жылға арналған шешімдеріне сәйкес шығындардың ең көп мөлшері Алматы қаласында тіркелді. Осылайша, Оңтүстік астананың биылғы жылға арналған бюджетінің жалпы құны 1 251 млрд теңге. Көшбасшылар қатарында Түркістан облысы (1 152 млрд теңге) және
Астана қаласы (749 млрд теңге) бар. Ең төмен көрсеткіш Ұлытау өңірінде байқалады (113 млрд теңге).
Соған қарамастан, облыстық бюджеттерде қарастырылған жан басына шаққандағы шығындар бойынша Атырау облысы (облыста бір тұрғынына 729 мың теңге), Солтүстік Қазақстан облысы (651 мың теңге) және Ақмола облысы (623 мың теңге) көш бастап тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Маңғыстау (410 мың теңге) және Қарағанды (407 мың теңге) облыстарында тіркелген.