"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар "Меркі-Бұрылбайтал" автомобиль жолының 7-273 шақырым аралығында учаскесін қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстардың аяқталғанын хабарлайды.
Жоба аясында 20 көпір мен суқұбырлар соғылып, 281 су өткізгіш нысан орнатылып, сондай-ақ демалыс алаңдарында 3 санитарлық-гигиеналық торап абаттандырылды.
"Меркі-Бұрылбайтал" қайта жаңарту жобасында 2 192 мың тонна асфальтбетон төселіп, 1020 адам мен 591 техника жұмылдырылды.
Келесі учаскелер кезең-кезеңмен аяқталып, қолданысқа берілді:
- "Шу-Хантау" (126-189 км) ұзындығы 62 шақырым, ІІ санат;
- "Хантау – Бұрылбайтал" (189-273 км) ұзындығы 81 шақырым, II санат;
- "Шу қ. айналма жолы" (90-126 км) ұзындығы 36 шақырым (4 шақырым Іб санатта, 32 шақырым ІІ санатта);
"Меркі – Шу" (км 7-90) длиной 82 км Iб категории.
"Меркі-Шу" (7-90 км) ұзындығы 82 шақырым, Іб санат.
Жаңа асфальтбетон жабынымен жолдың барлық ұзындығында көліктерге қозғалыс қамтамасыз етілді.