Республикалық маңызы бар жолдарда 651 қызмет көрсету нысаны салынады

620

Қызығушылық танытқан кәсіпкерлер онлайн өтініш бере алады.  

Республикалық маңызы бар жолдарда 651 қызмет көрсету нысаны салынады

Бұл туралы "QazAvtoJol" ҰК" АҚ стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту және ақпараттандыру департаментінің директоры Рустам Исаев онлайн брифинг барысында мәлім етті.

"Қазіргі кезде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1838 қызмет көрсету нысандары бар. Оның 52%-ы талаптарға сәйкес келеді. "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін олардың барлығын 100% ретке келтіру көзделген. Сонымен қатар аумағындағы ірі жолдарда 651 демалыс алаңы бар. Олардың артында 240 жер телімі бар. Осы алаңдарды қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге бизнесті дамыту үшін беруге дайынбыз. Онда су мен электр қуаты тартылады. Бұл аймақтарды кәсіпкерлер жалға алып, туристер мен жолаушыларға қызмет көрсете алады. Ол үшін біздің сайтымызға кіріп, онлайн өтініш бере алады. Барлығы әкімдіктермен бірге жүзеге асырылады", – деген департамент директоры жол бойындағы санитарлық тораптар тақырыбына тоқталды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу